Кеше 25 мамырда адам өліміне әкелген ауыр апат болды. Жамбыл облысында көлік аударылып, бір адам қаза тауып, үш адам зардап шекті. Оның ішінде мектеп бітірген түлек те болған деп хабарлайды Alash.kz.
Жамбыл облыстық полицияның хабарлауынша, «Тойота Камри» көлігінің 21 жастағы жүргізушісі Жаңаталап ауылынан Ақтоған ауылына қарай бет алған кезде рульді басқара алмай, көлікті жол жиегіне аударып алған.
Апат салдарынан жүргізуші оқиға орнында көз жұмды. Көлік ішіндегі жолаушылары - 17, 20 жастағы азаматтар мен 11-сынып түлегі - ауруханаға жеткізілді.
Олардың жағдайы тұрақты, бақылауда, деп хабарлады ведомство өкілдері. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, қажетті сараптамалар тағайындалды.