Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Президент «Халықтық құрылыс» бағдарламасына бөлінетін қаржыны бақылайтын комиссия құруды ұсынды

12:38, 01 қараша 2026

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Халықтық құрылыс» бағдарламасын жүзеге асыру барысында қаражаттың жұмсалуын қатаң бақылау маңызды екенін айтты, деп хабарлайды Alash.kz.

Бұл туралы ҚР Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айбек Смадияр желідегі парақшасында жазды.

– 28 қазан күні дәстүрлі Жолдауымда айтқан «Халықтық құрылыс» бағдарламасын жүзеге асыру барысында бюджет қаражатының жұмсалуын бақылайтын мемлекеттік комиссия құру қажет деп санаймын. Комиссия құрамына бірқатар салалық ведомство басшылары, Құрылтай мен мәслихаттар депутаттары, Халық Кеңесінің мүшелері, қоғам қайраткерлері, белсенділер, волонтерлер, журналистер кіреді, – деп жазды Президент Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар