Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Осы клоунды беріңіздер! Түкіргенім бар…»: Данияр Елеусінов тосын мәлімдеме жасады

22:27, 31 қазан 2026

Қазақстандық кәсіпқой боксшы, Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов Өзбекстан өкілі Шохжахон Эргашевпен шаршы алаңда кездесуге ниетті екенін білдіріп, ұйымдастырушылардан қарсыласымен айқас ұйымдастыруды талап етті, деп хабарлайды Alash.kz.

Отандасымыздың бұл атышулы мәлімдемесін IBA Nomad промоушенінің баспасөз қызметі жариялады. Сондай-ақ қазақстандық боксшы шаршы алаңға шығуға толықтай дайын екенін жеткізіп, өзінің ресми төл сөзінде былай деп қатты кетті:

— Маған дәл осы клоунды беріңіздер, егер ол сол жақтан болса. Басқа келісімшарттарға түкіргенім бар, мен рингке шығамын. Ең бастысы, қажетті соманы төлеңіздер, — деп мәлімдеді Данияр Елеусінов.

Айта кетейік, бұған дейін Өзбекстан өкілі Шохжахон Эргашев желтоқсан айының басында Алматы қаласында ұйымдастырылатын IBA Nomad 16 турнирінде шаршы алаңға қайта оралатынын айтқан еді. Өзбекстандық спортшы аталған жекпе-жекте кез келген қарсыласпен жұдырықтасуға дайын екенін мәлімдеген болатын.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар