Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Үлгі көрсетіп отырғаны үшін…»: ДДСҰ басшысы Президентке ризашылығын білдірді

15:57, 31 қазан 2026

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесус Қазақстанның денсаулық сақтау саласы мен халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған ауқымды жұмыстарына жоғары баға берді, деп хабарлайды Alash.kz.

Ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 77 мың медицина қызметкерінің жалақысын көтеру туралы шешімін, сондай-ақ алғашқы медициналық-санитариялық көмекті дамыту бағытындағы саясатын ерекше атап өтті. ДДСҰ басшысының сөзінше, бұл саладағы инвестициялар, жалпы практика дәрігерлерінің мүмкіндіктерін кеңейту мен кадрларды қолдау медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға тікелей ықпал етеді.

Сонымен қатар Тедрос Аданом Гебрейесус осыдан жарты ғасырға жуық уақыт бұрын қабылданған Алматы декларациясы арқылы Қазақстанның «Баршаға арналған денсаулық» жаһандық тұжырымдамасын қалыптастыруға қосқан зор үлесін еске салды.

ДДСҰ Бас директоры Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы көшбасшылығына қатысты өзінің ресми төл сөзінде былай деп жазды:

— Осыдан 50 жылға жуық уақыт бұрын Қазақстан Алматы декларациясы арқылы «Баршаға арналған денсаулық» жаһандық тұжырымдамасын қалыптастыруға үлес қосты. 2028 жылы осы құжаттың қабылданғанына 50 жыл толуына орай, Қазақстан аталған идеяны нақты іске асырудың маңызды үлгісін көрсетуді жалғастырып келеді. Денсаулық сақтау саласындағы саяси қолдаудың маңызы зор. Үлгі көрсетіп отырғаны үшін Қазақстанға алғыс айтамын!

Халықаралық ұйым басшысы атап өткендей, еліміз халық денсаулығын жақсартуда жаһандық деңгейде өнегелі саясат жүргізіп отыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар