Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Марат Байқамуров Абу-Дабидегі Grand Slam турнирінің қола жүлдегері атанды

09:15, 01 қараша 2026

Қазақстан құрамасының дзюдошысы Абу-Дабиде (БАӘ) өтіп жатқан Grand Slam турнирінде жеңіс тұғырынан көрінді, деп хабарлайды Alash.kz.

ҰОҚ мәліметінше, отандасымыз 100 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін өткен белдесуде Адам Сангариевпен (Ресей) кездесті.

Нәтижесінде Марат Байқамуров қарсыласынан басым түсіп, қола медальға ие болды.

Айта кетейік, бұған дейін Талғат Орынбасар (60 келіге дейін) үшінші орын алған еді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар