Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен елдің сыртқы саяси ведомствосында кадрлық өзгеріс орын алды, деп хабарлайды Alash.kz.
Мемлекет басшысы қол қойған ресми құжатқа сәйкес, Андриан Көпмағамбетұлы Елемесов Қазақстан Республикасының Куба Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.