Танымал актер Олжас Абай халықпен ашық тілдесуге бекініп, бұдан былай кез келген сұхбатқа дайын екенін хабарлады, деп хабарлайды Alash.kz.
Өнер иесі бұған дейін көпшілік арасында туындаған түрлі сұрақтардың түйінін тарқатып, оларға жауап беруге ниетті екенін жеткізді. Ол өзінің бұл шешімі мен көңіл-күйін былайша білдірді:
«Алматыға келіп, киноға мыңмен кірісейін деп тұрмын. Кешегі Динара ханымның шоуынан кейін кез келген подкаст әңгімеге дайынмын деп шештім, шақырыңдар. Сосын тойға дейін көп жерде сөйлегім келмейтін. Енді халықтың батасы мен тілегі бетімді ашып жіберді. Мен сендердікімін, халқым», – деді актер.