Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Кәсіпкерлерге берілген мүмкіндік»: Серік Егізбаев шағын бизнесті тексеруге мораторий енгізуді қолдады

19:18, 31 қазан 2026

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап микро және шағын бизнесті тексеруге үш жылдық мораторий енгізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. 

Президент бастамасына қатысты Құрылтай депутаты Серік Егізбаев пікір білдірді, деп хабарлайды Alash.kz.

Депутат Мемлекет басшысының кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған бастамасын құптап, бұл қадам шағын және орта бизнесті дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашатынын атап өтті.

Сонымен қатар ол мемлекет пен бизнес арасындағы өзара жауапкершіліктің 
маңызын атап өтіп, кәсіпкерлер мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған сенімді ақтауы қажет екенін жеткізді.

«Жауапкершілік екі жақты болу керек. Соның ішінде біздің бизнес өкілдері, бизнеспен айналысатын мамандар да оны сенім ретінде қабылдау керек. Сол сенімді арттыру керек. Сондықтан осындай мемлекет, үкімет, президенттің тапсырмасымен осындай мүмкіндік беріліп жатқан соң, олардың тарапынан да әлеуметтік жауапкершілік болуы керек».

Сондай-ақ заң мен тәртіп аясында жұмыс істеудің маңызына тоқтала келе, депутат еліміздегі бизнес ортаның болашағына сенімді екенін мәлімдеді:

«Қазақша заң мен тәртіп, міне, салық кодексін алайық, басқа кодекстерді алайық, сатып алу заңдарын алайық, сол заңдардың шеңберінде жұмыс істесең, сені келіп ешкім тексермейді, бизнесіңе ешкім кедергі келтірмеу керек. БАРДАК болады деп ойламаймын. Бәрі дұрыс болады. Мен сенемін. Бұл қай елдің тәжірибесі?».

Сонымен қатар Серік Егізбаев әлемдік тәжірибе мен еліміздегі шағын және орта бизнестің даму көрсеткіштеріне талдау жасап, алдағы мақсаттарға тоқталды:

«Ал көптеген елдер осыны пайдаланады. Қазіргі уақытта көптеген елдер — бұл тек қана біздің елде болып жатқан үрдіс емес, қазір әлемнің бәрі осындай межеге келді. Сондықтан бәрі осындай жаңа жолдарды, жаңа тәсілдерді іздеуде. Соның ішінде бизнес қауымдастығы мемлекеттің, жалпы мемлекеттің, биліктің негізгі серіктестерінің бірі болып табылады. Қазір бизнестің үлесі 40%-ға дейін жетті. Ал алдыңғы қатардағы экономикасы дамыған елдердің шағын және орта бизнес үлесі білесің ғой, 70%-дан асып тұр. Сондықтан біздің де елге, бизнесмендерге дамытатын алдымызда көптеген мүмкіндіктер мен мақсаттар тұр. Сондықтан сондай мақсаттарға қол жеткізу үшін де осы әрекет жасалып жатыр деп қабылдаймыз».

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар