Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Өзін өзі өртеді" - Семейде ер адам көз жұмды

22:28, 30 қазан 2026

Семей қаласында 30 қазан күні облыстық соттың алдында қайғылы жағдай тіркелді. Ер адам өзіне өрт қойып, оқиға орнында қайтыс болды, деп жазады Alash.kz.

Оқиға туралы мәлімет түскен бойда құқық қорғау органдары мен төтенше жағдайлар қызметі оқиға орнына жеткен. Алдын ала деректер бойынша, ер адам үстіне жанармай құйып, өзін өртеген.

Абай облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, жедел жәрдем қызметі шақыртуға белгіленген тәртіппен жеткен. Алайда дәрігерлер ер адамға медициналық көмек көрсете алмады. Себебі олар келген кезде оның өмірі қиылғаны белгілі болған.

Аталған жайтты облыстық полиция департаменті де растады. Құзырлы органның мәліметінше, оқиға 30 қазанда шамамен сағат 17:00-де болған.

«Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта болған жағдайдың себептері мен барлық мән-жайы анықталып жатыр», – деп хабарлады полиция.

Қазіргі уақытта марқұмның кім екені және оның мұндай қадамға баруына не түрткі болғаны белгісіз. Тергеу амалдары жалғасуда.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар