Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Мектеп бағдарламасына қайтарылады»: Оқу-ағарту министрі маңызды өзгеріс жайлы айтты

20:00, 07 қазан 2026

Қазақстан мектептерінде «Сызу» пәні қайта енгізілуі мүмкін. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді, деп хабарлайды Alash.kz.

Министрдің айтуынша, мектеп бағдарламасына «Сызу» пәнін қайта енгізу мәселесі қарастырылып жатыр.

«Сызу» пәнін қайтару жоспарымызда бар. Сағатты да таптық. Бұл - сүйінші жаңалық деп айтқымыз келеді. Өйткені біз технологиялық, архитектуралық және инженерлік бағытта дамыған ұлт болғымыз келеді. Әрине, ол үшін математика тереңдетіліп оқытылуы шарт. Сонымен бірге «Сызу» пәні де оқу процесінің негізгі компоненттерінің бірі», – деді министр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар