Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Меккеде құлшылық қылып, кейін іш киіммен жүресіңдер». Баян Мақсатқызы "хиджаб" жайлы айтқан Ұланғасыр Қамиге шүйлікті

19:29, 16 тамыз 2024 2201

Белгілі продюсер Баян Мақсатқызы «Хиджаб кимегені үшін әйелдерін ұрып-соғады» деген пікір айтқан әнші Ұланғасыр Қамиге шүйлігіп, ескерту жасады. "Құдай, иман дегендер әркімнің жүрегінде болатынын" айтып, дінге қатысты көзқарасты насихаттамауға шақырды, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы Тurkystan.kz порталына сілтеп.

«Халық алдында жүрген адам әр сөзін абайлап айтуы керек. Дінге қатысты көзқарастарыңды өздеріңе қалдырыңдар. Құдай, иман дегендер әркімнің жүрегінде болады. Сендердің сөздеріңде, киімдеріңде емес. Меккеге барып, құлшылық жасап фото саласыңдар. Кейін іш киіммен жүргендеріңді көрсетесіңдер. Мұндай оқиға бірінші рет болып тұрған жоқ», – деп жазды продюсер.

Естеріңізде болса, Ұланғасыр Қами әлеуметтік желі парақшасында: «Күйеуі әйелін өлтіріп қойды дегеннің бәрі хиджаб кимегеннен басталады», - деген одағай ой айтқан. Кейін әнші жұрттың сынына қалды. Кейін қоғам белсендісі әншінің үстінен арыз түсірді.

Алайда ІІМ Ұланғасыр Қамиге қатысты шешім шығарып, сөздерінде қылмыстық құрам жоқ екенін мәлімдеген еді. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар