Сауд Арабиясында болған ірі су тасқынынан кейін қасиетті Мекке мен Мәдина қалалары су астында қалды, деп хабарлайды Alash.kz.
Тасқын су тасты биіктіктерден төмен қарай ағысып, аймақтың елді мекендерін басып қалған. Әдетте құрғақ болып тұратын көшелер енді тасқын судың арнасына айналды.
Жергілікті тұрғындар әлеуметтік желілерде су басқан көшелердің видеоларын бөлісуде. Кадрларда су деңгейінің едәуір жоғары екені көрінеді. Тұраққа қойылған көліктер жартылай суға батып қалған.
Қауіпті жағдайға байланысты жергілікті метеорологтар үш қалаға, атап айтқанда көне Мекке мен Мәдинаға және жағалаудағы Жиддаға максималды қауіп деңгейін жариялады.
Қатты жауын-шашын жолдарда нағыз хаос туғызды: көліктер күшті су ағынының ортасында қалып, қалалық инфрақұрылымның жұмысы тоқтап қалды.