Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Мейрамханаларда көрсеткен қызметі үшін алынатын 10% төлем жойылуы мүмкін

12:14, 05 қыркүйек 2024 294

Мейрамхаларда көрсеткен қызметі үшін алынатын 10 пайыздық төлем енді жойылуы мүмкін. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев баяндады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы. 

«Мейрамханаларда қызмет көрсету үшін алынатын 10 пайыздық төлем мәселесін қарастырдық. Ол бойынша заңнаманы зерттедік. Егер мейрамханаларда қызмет көрсету үшін 10 пайыз алынатын хабарландыруды көріп, ол жерге тамақтануға кірсеңіз, сіз ол талаппен келісесіз деген сөз. Біз қазір ішкі саудаға қатысты өзгертулерді дайындап жатырмыз. Егер сізге қызмет көрсетілсе, оның ішінде сол үшін төлем енген болса, қосымша төлем алынбауы керек. Қазір осы өзгертулерді талқылап жатырмыз. Әрине, бұл түзетулерді бизнестің бәрі қолдамайды. Дегенмен, біз депозит, төлем мен даяшыға берілетін «ықылас» мәселелерін талқылап жатырмыз», - дейді Арман Шаққалиев.

Министрдің айтуынша, егер мейрамханада 10 пайыздық төлем болса, оны келген қонаққа ескерту керек. 

«Қызметтің құны қызмет көрсетуге кіріп тұрса, үстінен ешқандай төлем берудің қажеті жоқ. Қызмет көрсету ұнаса, клиент өз еркімен қосымша ақша бере алады. Демек, мейрамханаларда алатын 10 пайызды жою мәселесі қарастырылып жатыр», - дейді Шаққалиев.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар