Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Мбаппені басып озды. Чемпиондар Лигасының көшбасшысы!» - Темірлан Анарбеков туралы қуанышты жаңалық шықты (ФОТО)

23:57, 12 желтоқсан 2025

Қазақстан құрамасы мен алматылық «Қайраттың» қақпашысы Темірлан Анарбеков Чемпиондар лигасында ойынға шаққандағы орташа сейв саны бойынша және Sofascore статистикалық порталында көшбасшы атанды, деп хабарлайды Alash.kz. 

Әр матчтағы ойыншыларды бағалайтын бұл порталдың есептеуіне сәйкес, Темірлан турнирдегі кез келген басқа ойыншыдан жоғары нәтиже көрсетті. Оның биылғы маусымдағы орташа бағасы 8,9, ал Чемпиондар лигасының ең үздік бомбардирі Килиан Мбаппенің көрсеткіші – 8,34.

22 жастағы қақпашы биылғы маусымда төрт матчта 27 сейв жасап, өз деңгейін дәлелдеді. Жалпы сейв саны бойынша Темірлан 4-орында болса да, ойынға шаққандағы орташа көрсеткіші бойынша көш бастады. Мысалы, рейтингте жоғары тұрған Хайкин («Будё-Глимт»), Рулли («Марсель») және Куртуа («Реал») командасының ойындарын көбірек өткізгенімен, олардың орташа сейв көрсеткіші Темірланнан төмен.

Чемпиондар лигасындағы үздік қақпашылар (орташа сейв саны бойынша):

  1. Темірлан Анарбеков («Қайрат») – 6,75 сейв/ойын (4 матч)
  2. Никита Хайкин («Будё-Глимт») – 6,3 сейв/ойын (6 матч)
  3. Тибо Куртуа («Реал») – 5,9 сейв/ойын (5 матч)
  4. Херонимо Рульи («Марсель») – 5,5 сейв/ойын (6 матч)
  5. Йиндржих Станек («Славия») – 5,5 сейв/ойын (4 матч)

Айта кетейік, кейбір қақпашылар (мысалы, Шерхан Қалмұрза, Кауã Сантос) командаларының ойындарының жартысынан азын өткізгендіктен, рейтингке кірмеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар