Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Мбаппе, Винисиус, Беллингем…” - Реал Мадридтің Алматыға келе жатқан құрамы белгілі болды

17:30, 28 қыркүйек 2025 106

Мадридтің “Реалы“ Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде алматылық “Қайратқа“ қарсы өтетін сырт алаңдағы ойынға қатысатын футболшылар тізімін жариялады, деп жазады Alash.KZ.

Ойын 30 қыркүйекте Алматыдағы Орталық стадионда өтеді. Көпшілік күткен кездесу Қазақстан футбол тарихындағы ең елеулі матчтардың бірі болмақ.

Жарияланған құрам келесідей:

Қақпашылар – Тибо Куртуа, Андрей Лунин, Хави Наварро.

Қорғаушылар – Давид Алаба, Рауль Асенсио, Альваро Каррерас, Фран Гарсия, Дин Хейсен, Давид Хименес.

Жартылай қорғаушылар – Джуд Беллингем, Эдуарду Камавинга, Федерико Вальверде, Орельен Чуамени, Арда Гюлер, Дани Себальос.

Шабуылшылар – Винисиус Жуниор, Килиан Мбаппе, Эндрик, Родриго, Гонсало Гарсия, Браим Диас, Франко Мастантуоно.

Команданың Алматыға ұшу кестесі де белгілі болды. “Реал“ ойыншылары 28 қыркүйек күні елорда уақытымен 16:30-да Мадридтегі Адольфо Суарес атындағы Барахас халықаралық әуежайынан шығады. Шамамен 8 сағат 20 минутқа созылатын әуе сапарынан кейін ұшақ Алматы әуежайына түнгі 00:50-де қонбақ.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар