Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Масқара жағдай: Үйлену тойға келген қонақтар төбелесіп, қуаныштың шырқын бұзды (ВИДЕО)

09:27, 03 тамыз 2025 309

Маңғыстау облысында үйлену тойында төбелес ұйымдастырған қонақтар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Alash.kz.

Мұнайлы аудандық полиция басқармасының мәліметінше, мейрамхана алдында орын алған жанжалдан кейін күдіктілер ұсталып, жауапқа тартылған. Бұған дейін әлеуметтік желілерде ақ жейде киген бірнеше ер адамның той кезінде төбелесіп жатқаны түсірілген видео тараған болатын.

Полицияның ресми хабарламасына сәйкес, "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

"Аталған факті бойынша Мұнайлы аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдіктілер анықталып, ұсталды. Қазіргі уақытта олар Ақтау қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс аясында тергеу жүргізіліп жатыр", – делінген хабарламада.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар