Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Масқара жағдай»: Көкшетауда екі бойжеткен лифтіні дәретханаға айналдырып тастаған (ВИДЕО)

15:16, 02 шілде 2025 385

Көкшетаудағы “Аружан-2” тұрғын үй кешенінде көпшілікті дүр сілкіндірген оқиға орын алды. Екі жас бойжеткен көпқабатты үйдің лифтін дәретханаға айналдырып, жұрттың ашуына тиді, деп хабарлайды Alash.kz.

Бейнебақылау камерасындағы жазбада олардың бірі лифт ішінде еш қысылмай үлкен дәретке отырғаны анық көрінеді. Ал жанындағы екіншісі бұл әрекетті бақылап тұрып, камераға назар аудармастан бейқам тұрған. Куәгерлердің айтуынша, бұл әрекет әдейі жасалған.

Тұрғындар мұндай жағдай бұрын-соңды болмағанын айтып, өз наразылықтарын білдіріп жатыр. Олар бұл жабайылықты қоғамға, көпшілікке деген құрметсіздік деп бағалап, кінәлілерді заң аясында жазалауды талап етуде.

Қазіргі таңда тәртіп сақшылары бойжеткендердің жеке басын анықтап, тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл жағдай әлеуметтік желілерде кең таралып, қызу талқыға түсіп үлгерді. Көпшілік мұндай әрекетке нөлдік төзімділік таныту қажет деп есептейді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар