Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Мәскеу түбіндегі "Крокус Сити холл" концерт залындағы атыс

04:03, 23 наурыз 2024 358

Мәскеу түбіндегі Красногорск қаласында “Крокус Сити холл” концерт залында “Пикник” рок тобының концерті басталар алдында атыс болды. “РИА Новости” агенттігінің хабарлауынша камуфляж киген үш адам жұртқа оқ ата бастаған.

Атыс кезінде "Крокус Сити холда" 6200-ге дейін адам болған. Билеттердің барлығы сатылып кеткен. Куәгерлерден айтуынша, ғимарат ішінде бірнеше жарылыс болған.

«Крокус Сити холда» атыстан соң жарылыстар, болып, соңы өртке ұласты. Құтқарушылар ғимараттың шатыры мен жертөлесінен аман қалғандарды құтқарып жатыр деп хабарлайды Ресей төтенше жағдай министрлігі.

Кей дереккөздерге қарағанда ғимаратқа шабуылдағандар іште жасырынып, арнайы жасақ әскерімен атысқан болуы мүмкін. Көшеде кептеліс болғандықтан жедел жәрдем көліктері оқиға орнына келіп үлгермеген.

Мәскеу түбіндегі Красногорск қаласында, «Крокус сити холл» ғимаратында өрт күшейе түсті деп хабарлайды «РИА Новости». Өртті өшіруге авиация, тікұшақтар пайдаланып, әуеден су шашқан.

Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметінің мәліметіне қарағанда, «Крокус Сити Холл» ғимаратына жасалған шабуылдан кемі 40 адам қаза тапқан деген ақпарат тарады әуелі. Құрбан саны өсе түсетіні анық. Бұл Мәскеудегі 2004 жылдан бергі ең үлкен теракт болуы мүмкін. Ол жылы метрода жанкешті өзін жарып жіберіп, 42 адам қаза тапқан.

 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар