Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Маскадағы жігіт жақындарын өрт жалмап, бүтін отбасынан айырылған балаға пәтер сыйлады

15:42, 01 ақпан 2025 305

Маскадағы беймәлім жігіт бар байлығын өрт жалмап, бүкіл отбасынан айырылған бозбалаға көмек көрсетіп, ел жүрегін елжіретті, деп хабарлайды хабарлайды Alash.kz  порталы.

Skifnews.kz ақпарат порталы бұл жаңалықты жеткізді.

Станислав есімді бозбала қазір 16 жаста, оқыстан шыққан өрт кесірінен бүкіл отбасынан айырылды. Қазір жетім қалды.

«Төрт күн бұрын өртте отбасым толығымен көз жұмды. Әкем, бір әпкем, екі қарындасым, бір інім қаза болды. Өрт кезінде мен қалада жатақханада болатынмын. Өрттің қайдан шыққаны белгісіз. Бірақ тоқ тұтанып, өртке ұласқан дейді. Иіс газы жылдам тарап кеткен дейді.

Марқұм әкем 40 жаста, әпкем 18 жаста, екі кіші қарындасымның бірі 13-те, екіншісі 7-да, інім 10 жаста болатын. Бәрі көз жұмды. Ал 7 жыл бұрын анам қайтыс болған. Ал менің көзім нашар көреді. Көру деңгейі -4.

Інім мен қарындастарымды қалаға алып кетіп, оқытсам деген арманым бар еді. Енді ол арманым орындалмас күйге айналды. Жападан жалғыз қалғандай сезініп жүрмін. Ары қарай не істерімді де білмеймін», - дейді Станислав.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар