Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Мәсімовтің бағалы самурай семсері мен зерлі белдігі қанша теңгеге сатылды?

16:20, 20 ақпан 2026

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің мүлкінен тәркіленген құнды жәдігерлер аукционда бастапқы құнынан бірнеше есе жоғары бағаға сатылды, деп хабарлайды Alash.kz. 

Мемлекетке қайтарылған активтерді басқару компаниясы 20 ақпанда электронды сауда порталы арқылы екі бағалы лотты сатылымға шығарды.

Аукцион қорытындысы бойынша, бұрынғы шенеуніктің резиденциясынан алынған самурай семсері 3 413 825 теңгеге бағаланды. Айта кетерлігі, бұл бұйымның бастапқы сауда бағасы 461 312 теңге деп белгіленген болатын. Болаттан соғылған жүзі бар және сабы геометриялық бедерлі өрнектермен безендірілген қылышты иемденуге алты үміткер ниет білдіріп, олардың әрқайсысы 69 мың теңге көлемінде кепілдік жарна төлеген.

Сонымен қатар, арнайы қорапқа салынған, ұлттық нақышта әшекейленген былғары белдік те сәтті сатылды. Металл және күміс элементтерімен қапталған бұл бұйымның бағасы сауда барысында 183 750 теңгеден 524 261 теңгеге дейін көтерілді. Бұл лот үшін төрт қатысушы өзара бәсекеге түсті.

Саудадан түскен тауардың ақшасы мемлекет меншігіне өтеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар