Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жантүршігерлік апат: Төрт адам қаза болып, үш адам жарақат алды (ВИДЕО)

10:54, 20 ақпан 2026

Омбы-Майқапшағай тас жолында орын алған екі жеңіл көліктің соқтығысуы салдарынан төрт адам оқиға орнында тіл тартпай кетті, деп жазады Alash.kz. 

Қайғылы жағдай бойынша тергеу амалдары басталды.

19 ақпан күні сағат 15:25 шамасында құқық қорғау органдарының кезекші бөліміне жол-көлік оқиғасы туралы хабарлама түскен. Алдын ала мәліметтер бойынша, Омбы — Майқапшағай бағытындағы тас жолда Lada Priora және Chevrolet Cobalt маркалы автокөліктері соқтығысқан.

Апат салдарынан төрт адам қаза тауып, тағы үш жолаушы түрлі дәрежедегі дене жарақаттарын алды. Зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек көрсетілуде.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар