Бішкек қаласындағы №83 мектепте оқушы мен мұғалім арасында жанжал шықты, деп хабарлайды Alash.kz.
Қалалық ішкі істер басқармасының мәліметінше, 16 ақпан күні шамамен сағат 11:30-да оқу орнында болған оқиға туралы хабарлама түскен. Тексеру барысында жанжалға 1957 жылы туған мұғалім К.Б. мен 2010 жылы туған 10-сынып оқушысы М.К. қатысқаны анықталған.
Педагог құқық қорғау органдарына жүгініп, оқушыға қатысты шара қолдануды сұраған. Ал кәмелетке толмаған жасөспірім медициналық мекемеге барып, көмек алған.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.