Әнші Мөлдір Мұқанова танымал визажист Ардақ Аймахан екеуінің тойдағы биі көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлады Alash.kz.
Бет әрлеуші Ардақ Аймахан кештегі сәттерді әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, Мөлдірмен бірге көңілді уақыт өткізгенін жазды.
«Мөлдірмен ән айтып та, әңгіме айтып та үлгеріп жатырмыз», – деді ол.
Желі қолданушылары бұл көрініске байланысты әртүрлі пікір білдірді. Бірі әншінің көтеріңкі көңіл күйін қолдап, жылы лебізін жаудырса, енді бірі оның әрекетін сынға алған.