Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Михаил Шайдоровты Олимпиадаға дайындауға ел бюджетінен қанша қаражат жұмсалды?

14:46, 20 ақпан 2026

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровты Олимпиада ойындарына дайындаудың жалпы құны 263,4 млн теңгені құрады, деп хабарлайды Alash.kz. 

Бөлінген қаражат Милан Олимпиадасы чемпионының кәсіби дайындығын, жаттықтырушылар құрамының қызметін және техникалық қажеттіліктерді қамтамасыз етуге бағытталған.

Шығындардың негізгі үлесі спорттық шаралар мен жаттығу процесіне тиесілі. Атап айтқанда, 19 оқу-жаттығу жиынын өткізуге 47 млн теңге жұмсалды, оның сегізі ел ішінде, ал он бірі шетелдік базаларда ұйымдастырылған. Сонымен қатар, спортшының бес халықаралық жарысқа қатысуы үшін 16 млн теңге бөлінді.

Мамандар мен спортшының еңбегін төлеуге бағытталған шығыстар келесідей бөлінген: Михаил Шайдоровтың 2025 жылғы жалақысына 33,9 млн теңге, оның жеке жаттықтырушысы Алексей Урмановқа 26 млн теңгеден астам, ал хореограф И.В. Регинаның қызметіне шамамен 23 млн теңге қаралған. Бұған қоса, спортшының әлем чемпионаттары мен Азия ойындарындағы жоғары жетістіктері үшін 6 694 581 теңге көлемінде бір реттік сыйақы төленді. Жаттықтырушылар штабына қосымша 1 506 040 теңге көлемінде төлем жасалған.

Бюджеттің қалған бөлігі жарыс бағдарламаларын әзірлеуге, авторлық құқықтарды иеленуге және екі арнайы костюм дайындауға жұмсалды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар