Қазақстандық спортшы, Милан-2026 Чемпионы Михаил Шайдоров Қысқы Олимпиада ойындарының салтанатты көрсетілімдер бағдарламасына қатысатын қатысушылар тізіміне енді, деп хабарлайды Alash.kz.
Дәстүр бойынша гала-шоуға мәнерлеп сырғанаудың төрт түрі, мұздағы би, жұптық сырғанау, сондай-ақ әйелдер мен ерлер арасындағы жекелей сындардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері шақырту алады. Биылғы жылы ұйымдастырушылар аталған тізімді кеңейтіп, оған тағы бірнеше спортшыны қосу туралы шешім қабылдады.
Көрсетілімдер Қазақстан уақытымен 21 ақпаннан 22 ақпанға қараған түні басталады. Михаил Шайдоров бұл кеште көрермендерге бұған дейін таныс болған «Кунг-фу панда» бейнесіндегі бағдарламасын ұсынуды жоспарлап отыр.