Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Комаға түсті»: Қарағандылық 18 жасар спортшының жақындары бар шындықты айтты (ВИДЕО)

16:32, 20 ақпан 2026

Қарағандыда өткен жекпе-жек турнирінде 18 жастағы спортшы Арслан ауыр жарақат алып, комаға түсті, деп хабарлайды Alash.kz. 

Жәбірленушінің туыстары оқиғаның мән-жайын ашып айтып, әділдік орнатуды талап етуде. Ресми мәліметке сәйкес, спорттық шара 2026 жылдың 14-15 ақпанында ұйымдастырылған. Жарыстың алғашқы күні Арслан екі кездесу өткізіп, жеңіске жеткен және денсаулығына қатысты шағымдар болмаған. Алайда келесі күні өткен жекпе-жек барысында қарсыласы тыйым салынған әдісті қолданып, спортшыны басымен төмен қарай лақтырған. Куәгерлердің айтуынша, қауіпті сәт орын алса да, жаттықтырушылар құрамы, төрешілер мен федерация өкілдері тарапынан жекпе-жекті тоқтату туралы шешім қабылданбаған.

Спортшы есінен танған сәтте оқиға орнындағы медициналық көмектің сапасына қатысты да сұрақтар туындап отыр. Ақпарат бойынша, кезекші фельдшерде қажетті реанимациялық жабдықтар болмаған, соның салдарынан Арсланды ауруханаға достары жеткізуге мәжбүр болған. Медициналық мекемеде науқастың миына қан кетіп, ісіп кеткені анықталды.

Айта кетсек, Арслан 2022 жылдан бері бұл спорт түрімен кәсіби деңгейде айналысып, айтарлықтай жетістіктерге жеткен. Туыстары турнир ұйымдастырушылары спортшылардың қауіпсіздік ережелерін тиісті деңгейде қамтамасыз етпеді деп есептейді.

Қазіргі таңда аталған факті бойынша «Абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіру» бабымен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар