Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Өз әйелі мен баласын өлтірген»: Қостанайда болған жантүршігерлік жағдайға қатысты үкім шықты

14:34, 20 ақпан 2026

Қостанай облысында өз отбасы мүшелерін, атап айтқанда, әйелі мен кәмелетке толмаған баласын қасақана өлтірген азаматқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Alash.kz. 

Сот шешімі бойынша, Н. есімді айыпталушы жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өмір бойына өтеуге міндеттелді.

Қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы, 2-бөлігінің 1, 14-тармақтары, атап айтқанда, екі немесе одан да көп адамды, соның ішінде көрінеу кәмелетке толмаған баланы өлтіру дерегі бойынша қаралды. Тергеу барысында анықталғандай, оқиға түнгі уақытта орын алған. Сотталушы Н. ажырасқысы келген әйелі С.-ге қатысты іштей кек сақтап, онымен есеп айырысу мақсатында пышақпен қаруланған. Әйелі жатқан бөлмеге бара жатқан жолда ол кездейсоқ оянып кеткен ұлы Д.-ны жолықтырады. Кәмелетке толмаған бала әкесінің қылмыстық әрекетін тоқтатуға тырысқан, алайда айыпталушы оған бірнеше рет пышақ жарақатын салған. Осы сәтте оянып кеткен әйелі С. өз ұлын қорғауға әрекеттенгенімен, сотталушы оған да бірнеше жерден ауыр жарақат келтірген.

Алған дене жарақаттарының салдарынан кәмелетке толмаған Д. мен анасы С. оқиға орнында көз жұмды. Сот отырысында айыпталушының кінәсі толық дәлелденіп, оған заңда қарастырылған ең ауыр жаза түрі тағайындалды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар