Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Қатаң заң шығардық»: Мұрат Әбенов ел асыға күткен маңызды жаңалықты айтты (ВИДЕО)

12:51, 20 ақпан 2026

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов қоғамда кеңінен белең алған қыз алып қашу, аңду істеріне қатысты жаңа заңның шыққанын мәлімдеді, деп жазады  Alash.kz.

ҚЫЗДАРЫМЫЗДЫ ҚОҒАМ БОЛЫП ҚОРҒАЙЫҚ!
Қазақ елінде қазаққа бөтен бала жоқ.
Өз туысқаның болмаса да, құда жекжаттың , араласып жүрген достарыңның, көршіңнің , әйтеуір бір қазақтың қызы. Көп емеспіз ғой..

Біреудің еркелетіп, алақанына салып аялап өсірген қыздарының өміріне, бақытты боламын деген арманына балта шаппаңыздар.

Қатаң заң шығардық.
Білмей қалдым деген жоқ. 
Жынысына , жасына бөліп қарамайды. Заң барлығына бірдей. 
Жігіттер, әжелеріңді , апаларыңды қылмыскерлікке тартпаңыздар. 
Ақжаулықты аналарымыз алдына тек өз еркімен келген болашақ келіндерін әкеліңіздер. 
Қыздың дәрежесіне жете алмасаң, сені тең санамаса, өз-өзіңді дамыт.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар