Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Мәселелердің бәрі шешілетін болсын" - Маңғыстау облысының әкімі Джеки Чанға шағымданған тұрғындар талабына үн қатты (ВИДЕО)

18:18, 16 шілде 2026

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай ауыз су тапшылығына қатысты шұғыл жиын өткізіп, коммуналдық сала басшыларын қатаң сынға алды. Өңір басшысы бұл жағдайды мамандардың салғырттығынан туындаған қолдан жасалған проблема деп бағалап, шенеуніктерге сылтау іздеуді доғарып, мәселені дереу шешуді міндеттеді деп жазады Alash.KZ.

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай өңір тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңейтілген отырыста суға жауапты қызметкерлерге қатты шүйлікті.

“Негізінде жазда мұндай мәселе болмауы керек еді. Бүйткен едік, беруіміз керек еді деген сылтаулар. Не істеп отырсыздар? Бұл сылтауды халыққа барып айтып көр. Осы жерде, осы үстел басында Маңғыстаудың ауыз суына бүкіл жауапты мамандар отыр. Не сендердің жандарың ашымайды, немесе бастарың істемейді. Екеуінің біреуі. Басқа менің айтатыным жоқ. Түсінер едім егер ОСК-ға 20 мың қосылмаса, егерде жекеменшік екі-үш зауыт салынбаса, түсінер едік. Қолдан істеп отырған мәселе. Ешқандай сылтауды естігім келіп отырған жоқ. Терең зерттеу жасау керек. Нормативтің бәрін көтеру керек. Келесіде кім не істемеді, соған қатысты шешім қабылдаймыз. Білмеймін күндіз-түні ұйықтамайсыңдар ма, басында қонасыңдар ма бір-екі күннің ішінде осы мәселелердің бәрі шешілетін болсын. Не істесеңдер оны істеңдер”, – деді ол.

Ресми дерекке сай, су тұщыту зауыттары қажетті 61 мың текше метрдің орнына 80 мыңнан астам су өндіріп тұр. Алайда тозған құбырлар мен желідегі қысымның төмендігінен тіршілік нәрі көпқабатты үйлердің жоғарғы қабаттарына жетпей жатыр.

Айта кетейік, ауыз судан тарыққан тұрғындар жақында ғана Ақтауға келген әлемге әйгілі актер Джеки Чанның желідегі парақшасына жаппай шағым жазып, ауыз су мәселесіне назар аудартуға тырысқан.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар