Қазақстанның белгілі композиторы марқұм Арман Дүйсеновтің ұлы қаза тапты, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Бұл туралы журналист Ләйлә Сұлтанқызы хабарлады.
«Соңғы болған оқиғаларды естіп, жүректен жүрек қалмады. Көңілім құлазып отыр. Бүгін тіпті Арман Дүйсеновтің үлкен ұлы қайтыс болды деген хабарды естіп, отбасына қайғыра көңіл айтамын! Бекем болыңыздар. Алла бәріне ғұмыр сыйласын.
Анасына өте ауыр. Бекем болыңыз! Осы Кеңсай зиратында Қайрекең мен Арман Дүйсенов қатар жатыр. Ол кісі екеуіне «құран бағыштадық» деп фото, видео жіберіп тұрады. Рақмет, сізге!», – деді Л. Сұлтанқызы.