Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Мақтанатындар көп… Аңқау елге арамза молда»: Гүлзира Айдарбекова тың мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

19:25, 09 сәуір 2026

Эстрада жұлдызы Қайрат Нұртастың анасы, белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова «садақа беремін деп сан соғып қалатындар» туралы айтты, деп жазады Alash.kz.

Продюсер өз сөзінде:

«Нағыз «садақа беремін» деген адамдар өзінің бауырынан бастауы керек. «Мен пәленшенің інісімін, сіңілісімін!» деп, мақтанатындар көп қой. Бірақ, біреуінің жағдайы болмай жатады. Біреуі денсаулығынан айырылады… Тіпті болмаса, көз алдыңдағы көршіңнен, жақын білетін адамыңа көмектессе, алданбас еді. Олардың барлығы ақсап жатқанына қарамастан, мақтанышпен «мен ана жаққа бердім» деп, шетелге жібереміз, суы жоққа су тартып береміз. Бірақ, өзімізде қаншама қаракөздер қиналып жатыр. Соның бәріне көзімізді жұмып қойып, алысқа қол созып жатамыз. «Аңқау елге арамза молдалардың» көбейген заман. Қайтсем, халықтан ақша аламын дегендер өте көп!» - деді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар