Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Мақтанамын!»: Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова көпшілікке қуанышты жаңалығын айтты

14:13, 29 қазан 2026

Ерлі-зайыпты Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова перзенттері Алау Қайратқызының кинематография саласындағы алғашқы ауқымды жобада басты бейнені сомдағанын қуана хабарлады, деп баяндайды Alash.kz.

Өнер иелері перзентінің тұсаукесеріне қатысып, қолдау білдірді. Қызының бұған дейін де біршама туындыда бой көрсеткенін еске алған анасы Жұлдыз Әбдікәрімова сөзін төмендегідей өрбітті:

«Қызымыздың алғашқы үлкен туындысы. Осы уақытқа дейін Алау көптеген сериалдар мен фильмдерде эпизодтық рөлдерде ойнап жүрді. Ал бұл жолы негізгі кейіпкердің рөлін сомдап шықты. Бүгін тұсаукесері. Қызымызды қолдап, құттықтап келіп отырмыз. Киноиндустрияға, үлкен экранға енді ғана тәй-тәй басып келе жатқандықтан, ата-ана ретінде көрерменнен жас талантты қолдауды сұраймыз».

Сонымен қатар оның әкесі, эстрада әншісі Қайрат Нұртас та перзентінің үлкен экранға жасаған бұл қадамына ақ батасын беріп, сезімін жасыра алмады:

«Қызымның мықты, дарынды актерлермен бірге киноға түсіп жатқанына әкелік жүрегіммен шын жүректен қуанып отырмын. Қызыма тек сәттілік тілеймін. Өнерімді әрі қарай жалғастыратын ұрпағымның барына мақтанамын».

Осылайша жұлдызды отбасы өнер айдынына бет алған өреннің аяқ алысы жемісті болуын тиеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар