Мақтаарал ауданында бір топ бала жаппай төбелес ұйымдастырды, деп хабарлайды Alash.kz.
Түркістан облысының полиция департаменті Мақтаарал ауданында болған жағдайға қатысты түсінік берді.
Мақтаарал ауданында жаппай төбелес болды. Желіде тараған видеодан төбелестің бірнеше ер адам арасында болғанын байқауға болады. Олар «дубинкаларды» қолданып, бір-бірін жұдырықпен ұрып, тепкілеген.
Қазіргі уақытта күдіктілер ұсталып, қылмыстық іс қозғалды.