Енді қазақстандықтар онлайн несиені бірден ала алмайды. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев желідегі парақшасында хабарлады, деп жазады Alash.kz.
«Енді онлайн кредитті бірден ала алмайсыз. Банк сізге 24 сағат ойлану уақытын береді. Осы уақыт ішінде шешіміңізді өзгертіп, кредиттен бас тартуға болады.
Тағы бір маңызды өзгеріс:
Егер кредит сомасы 1000 АЕК-тен асса, жұбайының келісімі қажет. 2026 жылы
1 АЕК = 4325 теңге. Яғни, 4 325 000 теңгеден жоғары кредитке міндетті түрде жұбайының рұқсаты керек.
Бұл өзгерістердің мақсаты:
– асығыс шешімдердің алдын алу;
– артық қарыздан қорғау;
– қаржылық қауіпсіздікті арттыру, алаяқтардан саштану;
Есіңізде болсын! Кредит — бұл табыс емес, бұл жауапкершілік. Қаржылық шешімдерді әрқашан есеппен қабылдаңыз. Қаржы және экономика саласындағы осындай маңызды жаңалықтарды біліп, бақылап жүріңіз. Қаржылық сауат — сіздің болашақ еркіндігіңіз»,- деп жазды Мәжіліс депутаты.