Мадина Рашидқызының қазасына қатысты тергеу ісінде күдіктінің анасы жіберді делінген маңызды аудиожазба тексеріліп жатыр, деп хабарлайды Alash.kz.
Аталған жайт туралы блогер, журналист Жан Ахмадиев мәлімдеді. Аудиожазбада Мадиярдың анасы құдағиына хабарласып, келінінің теріс қылықтарын жіпке тізген. Сондай-ақ ол сөзінде қызының күйеуін тыңдамағаны үшін таяқ жейтінін меңзеген.
«Мадина ісінде тағы бір маңызды аудиожазба бар. Ақпарат бойынша, Мадиярдың анасы голосовой хабарламада ұлының Мадинаға қол көтергені туралы айтқан. Енді бұл жазбаның түпнұсқалығы тексеріліп, тергеу аясында құқықтық бағасы берілуі тиіс», — дейді Жан Ахмадиев.
Айта кетейік, жақында марқұм Мадина Рашидқызының қырық күндік асы өтті. Қазіргі таңда құзырлы органдар тарапынан аудиожазбаның түпнұсқалығын тексеру және тергеу амалдары жалғасуда.