Комиссия құрамына қорғаныс министрі, Маңғыстау облысының әкімі, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, төтенше жағдайлар, денсаулық сақтау, көлік министрліктерінің басшылығы, Бас әскери прокурор, сондай-ақ шекара қызметінің өкілдері кірді, деп жазады Alash.KZ.
Олжас Бектенов комиссия төрағасы Қанат Бозымбаевқа оқиға орнына шұғыл барып, әскери қызметшілердің қаза болу себептерін тергеп-тексеруді қамтамасыз ету және қаза тапқандардың отбасыларына қажетті көмек көрсету шараларын қабылдауды тапсырды.
Еске сала кетейік, бүгін Каспий теңізінде 19 әскери қызметшіні толқын алып кеткен. Оның 9-ы қайтыс болды.
Үш әскери құтқарылды, олардың біреуі ауруханаға жатқызылды.
Қалғандарын іздестіру жұмыстары жүргізілуде.
Маңғыстаудағы әскерилердің қазасы: үкіметтік комиссия құрылды
Ашық дерекөздерден
Соңғы жаңалықтар
Қазақстан 2027 жылдың соңына қарай 3G-ден толығымен бас тартады – Жаслан Мәдиев
14:00, 24 қараша 2026
«Педогогтерге қолдау!»: Жұлдыз Сүлейменова ұстаздарға қуанышты хабарды жеткізді (ВИДЕО)
10:49, 24 қараша 2026
Қаралы хабар: Қазақтың тұңғыш антропологы, академик Оразақ Смағұлов өмірден озды (ФОТО)
09:25, 24 қараша 2026