Маңғыстауда уланған оқушылар саны 140-тан асты, - деп хабарлайды Alash.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
Бесшоқы ауылында оқушылардың жаппай улану оқиғасы тіркелді. Соңғы мәліметтер бойынша, 141 бала медициналық көмекке жүгінген. Оның ішінде 82 оқушы емханада емделіп жатыр, 43-і үйде дәрігерлердің бақылауында, ал 16 бала ауруханаға жатқызылды.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы барлық қажетті дәрі-дәрмек пен төсек-орын жабдықтары жеткілікті мөлшерде деп хабарлады. Жедел жәрдем бригадалары халыққа шұғыл көмек көрсету үшін толық құрамда жұмысын жалғастырып жатыр.
Еске салайық, бұған дейін Бесшоқы ауылының №8 мектебінде бірінші ауысымның 1-4 сынып оқушылары асханада жаппай уланғаны хабарланған болатын.