Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына қаржылай көмек толық бөлінді

10:35, 10 қазан 2026

Маңғыстау облысында қаза тапқан және қайғылы оқиғадан аман қалған әскери қызметшілерге арналған «Ұлттық рух» қорындағы қаражатты бөлу жұмыстары аяқталды, деп жазды Alash.kz. 

Бұл туралы облыстық Қоғамдық кеңестің төрағасы Бекмурат Жүсіпов мәлімдеді. Оның айтуынша, жиналған қаражат қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына тең бөлінген. Сондай-ақ аман қалған әскери қызметшілерге жеке материалдық көмек қарастырылған.

Қаражатты бөлу туралы шешімдерді арнайы комиссия қабылдаған. Оның жұмысына қаза тапқан сарбаздардың ата-аналары да қатысқан. Барлық шешім тиісті құжаттармен рәсімделген.

Төлемдердің нақты сомасы мен қаражат алушылардың жеке деректері жарияланбайды. Бұл — әскери қызметшілердің туған-туыстарының өтініші және олардың қауіпсіздігі мен жеке мәліметтерінің құпиялығын сақтау мақсатында қабылданған шешім.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар