Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Маңғыстау облысында борышын өтеп жүрген сарбаз қаза тапты

Маңғыстау облысында борышын өтеп жүрген сарбаз қаза тапты

Маңғыстау облысындағы "Оймаша" полигонында "Батыс" өңірлік қолбасшылығы бөлімдерінің жиыны кезінде сарбаз қазаа тапты. Бұл туралы Alash.KZ ұлттық порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеп хабарлайды.

Ақпаратқа сәйкес 17:10 шамасында лагерь бойынша кезекші, гвардия лейтинанты ПМ 9 мм тапаншасынан оқ атқан. Салдарынан оқ қатардағы жауынгер Марат Ерболұлы Барқұловтың бетіне тиген.

Сарбаз жедел ауруханаға жеткізілгенімен, 17:40 шамасында көз жұмды. Ақтау гарнизоны баспасөз қызметінің хабарына сәйкес, сарбаздың өліміне қаруды дұрыс пайдаланбау себеп.

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, қылмыстық іс қозғалды. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар