Жаңаөзен қаласының мейрамханаларының бірінде өткен той әлеуметтік желі қолданушыларының талқысына түсті, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы mangystaumedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Тойда құлынның ноқта, жал, құйрығын, тұяқтарын қызғылт түске бояп тойға әкелген. Сондай-ақ екі құлағының ортасына қызғылт мүйіз орнатқан.
Желі қолданушылары “Жануарды осылай қорлауға бола ма?”, “Тойларымыз соңғы уақытта атың шықпаса жер өрте дегендей болып кетті”, “Мейрамханаға кіргізбей құлын атадым” десе де болатын еді” деген сынды пікірлер қалдырған.