Бүгін Екатерина Смолякова Мәжіліс депутаты ретінде ант қабылдады. Ол сондай-ақ, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі болып сайланды, деп жазады Alash.KZ.
Respublica партиясы фракциясының өкілін комитет төрағасы Асхат Аймағамбетов “білім саласында өз орны бар маман” деп атады.
Екатерина Смолякова қазақ тілін жетік меңгерген.
– Екатерина Смолякова – біздің жаңа депутатымыз. Ол ҚБТУ-да проректор болып жұмыс істейді және қазақ тілін мінсіз меңгерген, – деп таныстырды паритя өкілі Бейбіт Әлібеков.
Айта кетерлік жайт, Екатерина Смолякова Руслан Берденовтің орнына келді.
Бұған дейін Respublica партиясының орталық аппараты басшысының кеңесшісі Ришат Асқарбекұлы Facebook-парақшасында да бұл туралы хабарлады.
«Соңғы қызметі ҚБТУ проректоры. Парламент мәжілісі депутаттығына Respublica партиялық тізімі бойынша үміткер Руслан Берденовтің орнына барады. Бірер сәттен кейін мандатын алып, іске кіріспек», деп хабарлаған Ришат Асқарбекұлы.
Екатерина Сергеевна Смолякова 1987 жылы 2 тамызда дүниеге келген. Оның "Қазақ тілі менәдебиеті" мамандығы бойынша жоғары білімі, сондай-ақ Қазақстан-Британ техникалық университетіндеалған DBA дәрежесі бар.