Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Майқайыңдағы жағдай қайталанды: Жамбылдағы кен байыту кешенінде шұғыл төтенше жағдай жарияланды

17:41, 19 қыркүйек 2024 406

Майқайыңдағы жағдай Жамбыл облысында қайталанды. Жамбыл облысындағы кен байыту кешенінде төтенше жағдай болды, - деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Dalanews.kz сайтына сілтеме жасап.

18 қыркүйекте Жамбыл облысындағы «Алтыналмас» АҚ-ның бір кен байыту кешенінде тау жынысы опырылды. Оқиға орнына шұғыл түрде апаттық-құтқару тобы жетіп, іздестіру-құтқару жұмыстары басталды.

Тау жынысының қозғалысы мен күрделі географиялық жағдайлар салдарынан опырылған аумаққа қол жеткізу айтарлықтай қиын. Компанияда жазатайым оқиғаны тексеру басталды, барлық күш пен құрал апат астында қалған жұмыскерді іздеуге бағытталды.

Оқиғадан кейін бірден жұмыс тобы құрылды. Арнайы комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?