Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Мәйітті пленкаға орап, сыртқа шығармақ болған»: Алматыда 32 жастағы ер адам өлі табылды (ВИДЕО)

11:01, 07 маусым 2026

Алматы қаласының Түрксіб ауданындағы жеке үйлердің бірінде орналасқан жалға берілетін уақытша баспанадан 32 жастағы ер адамның мәйіті табылып, тәртіп сақшылары кісі өлтіру қылмысын ізін суытпай ашты, деп хабарлайды Alash.kz. 

Оқиға орнына шұғыл жеткен жедел-тергеу тобы қысқа мерзім ішінде марқұмның таныстар шеңберін зерттеп, күдіктінің тұлғасын анықтады. Белгілі болғандай, қылмыс алдында қос азамат бірге ішімдік ішіп, артынан өзара жанжалдасып қалған.

Тергеу нұсқасы бойынша, жанжал барысында күдікті танысына өлімге әкеп соқтырған ауыр жарақаттар салған. Кейіннен ол өз қылмысының ізін жасыру мақсатында марқұмның денесін тағамдық үлдірмен (пленкамен) тығыз орап, сыртқа алып шығып, көзін жоюды жоспарлаған. Алайда ол бұл арам ойын соңына дейін жүзеге асырып үлгермей, мәйіт табылғаннан кейін бірнеше сағаттың ішінде полиция қызметкерлері тарапынан қолға түсті. Қазіргі уақытта ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалып, бұл факт бойынша сотқа дейінгі ресми тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар