Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Мәйіттері үйлерінен табылды»: Сарыбастаудағы бір отбасының төрт адамы қаза тапты (ВИДЕО)

17:54, 04 ақпан 2026

Алматы облысы Райымбек ауданының Сарыбастау ауылына қарасты шалғайдағы қыстақтардың бірінде бір отбасының төрт мүшесі түгелдей ажал құшты, деп хабарлайды Alash.kz. 

Қайғылы оқиғаның алдын ала себебі ретінде улы газбен (ыс) улану нұсқасы қарастырылып жатқанымен, ресми органдар бұл ақпаратты әлі де нақтылау үстінде. Мерт болғандардың арасында 1955 және 1974 жылы туған екі ер адам, 1984 жылғы әйел және небәрі бір жарым жасар сәби бар. Оңаша тұратын жақындарынан бірнеше күн бойы ешқандай хабар ала алмаған туыстары іздеп барған кезде, үй ішінен барлығының мәйітін тапқан. Оқиға туралы дереу аудандық полиция бөліміне хабар берілді.

Ауыл тұрғыны, Ерқанат Ақылдосов:

«Бауырымыз сол төменде қорада мал бағатын еді СКЛ «Соңғы рет 30 қаңтар күні ауылға келіп, бензин құйып, машинасына заправка жасап кеткен дейді. 31-і күні туған күні болған. Кешкісін жатар кезде от жағады ғой, сол көмір ұсағырақ болып, пеш тартпай, сол ыстан болған ғой. Кешегі барып келген жігіттер айтып жатты, үйдің ішіне кірген кезде ыстың иісі қатты болған деп».

Қазіргі уақытта қайтыс болғандардың барлығы сот-медициналық сараптамаға жіберіліп, тиісті мамандар тексеру амалдарын жүргізіп жатыр. Құзырлы органдар оқиғаның нақты себептерін тергеу қорытындысынан кейін жариялайтынын мәлімдеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар