Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Мәйіттерді зорлағаны хабарланған күзетші жазадан құтылып кетті

12:40, 18 қаңтар 2025 234

Алматы мәйітханасындағы мәйіттерге тиіскен күзетшіге қатысты үкім шықты, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы Bugin.kz порталына сілтеп. 

Алматыдағы мәйітхана күзетшісі қайтыс болған адамдардың денелерін қорлады деп айыпталған еді. Іс бойынша сот шешімі шықты.  Сот некрофилия ісі бойынша үкім шығарды.

Ер адам бірнеше рет қайтыс болған адамдарға тиіскен. Сонымен қатар ол бұл әрекеттерді видеоға түсіргені анықталды.

Сот талқылауы барысында ер адамның ақыл-есі дұрыс емес екені белгілі болды. Осыған байланысты ол қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.

"Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 16-бабына сәйкес Б.-ны ҚР ҚК-ның 314-бабы 2-бөлігі 1-тармағы ("Қайтыс болған адамдардың денелерін және олардың жерленген орындарын қорлау") бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босату және қылмыстық істі тоқтату. ҚР ҚК-ның 91-бабы 1-бөлігі 1-тармағына, 93-бабы 1-бөлігі 3-тармағына сәйкес айыпталушыға арнайы психиатриялық стационар жағдайында мәжбүрлі емдеу түріндегі медициналық мәжбүрлеу шараларын қолдану тағайындау", – делінген судья шешімінде.

Еске сала кетейік, оқиға 2024 жылғы сәуірде болған. Ер адам телефонын ломбардқа өткізуге алып барған. Ломбардтағылар ішіндегі фото, видеоны қарап, дереу полицияға хабарласыпты. Ер адамның Алматыдағы мәйітханада жұмыс істейтіні белгілі болды.  Кейін жаңа мәліметтер анықталды. Некрофилияға күдікті қызметкер ресми түрде жұмысқа алынбаған екен.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар