Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Мәйіті табылды…” - Шымкентте көлік апатынан соң болған төбелес туралы сұмдық ақпарат тарады (ВИДЕО)

10:34, 21 қаңтар 2026

Шымкентте орын алған жол апаты аяусыз кісі өліміне ұласып, қазіргі уақытта полиция бес күдіктіге іздеу жариялады, деп хабарлайды Alash.kz. 

20 қаңтар күні Ерімбетов пен Рысқұлов көшелерінің қиылысында екі көлік соқтығысып, жүргізушілер арасындағы сөзге келу соңы жаппай төбелеске ұласқан.

Қақтығыс кезінде екі адам пышақ жарақатын алған. Куәгерлердің айтуынша, зардап шеккендердің бірін белгісіз тұлғалар күштеп көлікке салып, қала сыртына алып кеткен. Кейіннен оның мәйіті табылды. Қаза болған азаматтың жеке басы анықталды. Ол 40 жастағы Василий Колесников екені белгілі болды. Алдын ала мәліметтер бойынша, марқұм бұрын адам өлтіргені үшін жазасын өтеген және криминалдық ортада бақылауда болған.

Қалалық Полиция департаменті аталған қылмысқа қатысы бар деген күдікпен бес ер адамның тізімін жариялады.

Олар: 1990 жылы туған Мақсұт Арысбаев, 1991 жылғы Жанділдә Қуандықов, 1988 жылғы Дархан Қызбалаев, 1983 жылғы Марат Дауласов және 1986 жылғы Рауан Іңкәрбеков.

Тәртіп сақшылары бұл оқиғаға қатысты ресми мәлімдеме жасап:

«Адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция департаменті күдіктілердің жүрген жерін анықтау және оларды ұстау бойынша барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр», — деп хабарлады. Қазіргі уақытта шаһарда жедел іздестіру шаралары жүріп жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар