Өскемен қаласында Үлбі өзеніне батып кеткен 23 жастағы жігітті іздеу жұмыстары қайғылы аяқталды, деп жазады Alash.kz.
Бір аптаға созылған ауқымды операциядан кейін құтқарушылар марқұмның денесін Степное ауылының маңынан тапты. 3 мамыр күні шомылуға тыйым салынған жерде суға түскен жас жігіт ағысқа төтеп бере алмай, қаза тапқан.
Оқиға орын алған сәттен бастап құтқарушылар, полиция мен еріктілер өзен бойын толықтай сүзді. Іздеу шараларына заманауи техникалар мен дрондар жұмылдырылып, жағалау мен су айдыны үздіксіз бақылауда болды. Мәйіт оқиға болған жерден екі шақырымдай қашықтықтағы тайыз тұстан табылды.
Шығыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері былай деді:
«Іздеу жұмыстары бір аптаға жуық уақытқа созылды. Күн сайын оған ТЖД қызметкерлері, полиция қызметкерлері мен еріктілер қатысты. Жағалау аумағын тексеру үшін дрондар да қолданылды».