Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Майбах" пен "Chevrolet Tahoe": Қызылорда облысының әкімі Нәлібаев Наурыз тойына спонсорлар сыйлаған көлікпен барды (Видео)

17:59, 20 наурыз 2025 2781

Наурыз мерекесіне орай, бүгін Шиеліге Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев барған. Әкім өзімен бірге үлкен делегация ертіп, салтанатты кортежбен жүрді, деп жазады Alash.kz.

Журналист Асхат Ниязов "Майбах" пен "Chevrolet Tahoe" сияқты көліктерді жергілікті тұрғындар тек облыс әкімі келгенде ғана көреді" деп жазды. 

Ниязовқа әкімдіктен "Майбахтың" Нәлібаевқа қатысы жоқ екенін айтып хабарласқан. 

Әкімдік қызметкерлерінің журналиске айтуынша, "Майбах" әкімнің көлігі емес, тіпті кімнің көлігі екенін ешкім білмейтін көрінеді.

Ал шенеуніктер тақымдап барған Chevrolet Tahoe көлігінің ең қарапайым комплектациясы қазір нарықта 45 миллион теңге тұрады.

Бұл көліктің Қызылорда облысының әкімдігіне тиесілі екені рас, бірақ бұл көлікті оларға спонсорлар сыйға тартыпты. 

Әкімдікке көлікті нақты кімдердің сыйлағаны айтылмаған.

"Әдетте кәсіпкерлер мен спорсорлар балалар алаңдарын, саябақтарды, мешіттерді сыйға тартып жататын" деп жазды журналист.

Ал қымбат көлік сыйлаған демеушінің "көздегені" не болды екен? Оның ақысына әкімдік не қайтарды? Бұл енді басы ашылмаған сұрақ.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар