Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Махаббат ұлтқа қарамайды". Болат Әбілов Мұхтар Жәкішевтің қызын құттықтап, шетелге кеткен жастардың "өз өмірін өзі шешетінін" айтты

09:08, 06 маусым 2026

Қоғам қайраткері Болат Әбілов әлеуметтік желідегі парақшасында досы Мұхтар Жәкішевтің қызы Алтынайдың тұрмысқа шыққанын хабарлап, жас жұбайларға ізгі тілегін арнады.

Оның айтуынша, Алтынайдың таңдауы Карл есімді Ұлыбританияда бірнеше ұрпақтан бері тұрып жатқан нигериялық отбасының өкіліне түскен. Болат Әбілов күйеу жігітпен бірнеше жыл бұрын танысқанын және екеуін футболға деген қызығушылық біріктіретінін жазды.

«Карл – белсенді, спортты сүйетін, өз ісінде табысты азамат. Ең бастысы, оның Алтынайға деген ықыласы мен құрметі анық байқалады. Бұл ата-аналар мен жақындары үшін ең маңызды нәрсе», – деді ол.

Болат Әбілов Кеңес Одағы тарағаннан кейін жастардың әлемге еркін жол ашылғанын, олардың шетелде білім алып, жұмыс істеп, өз тағдырын өздері қалыптастырып жатқанын атап өтті.

Сондай-ақ ол Алтынайдың Лондонда тұрып, еңбек ететінін және модельдік мансабында жетістікке жеткенін айтты.

Жазба соңында Болат Әбілов Алтынай мен Карлды, сондай-ақ олардың ата-аналарын құттықтап, жас отбасыға ұзақ ғұмыр, өзара сыйластық, береке мен бақыт тіледі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар