Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Маған ұл керек, қыз туа берме: Олжас Абай ішкі ойын ақтарды

14:01, 02 желтоқсан 2024 2179

Танымал актер Олжас Абай «Қыз туа бересің, маған ұл туып бер» деп әйелінің миын жейтін ер адамдарға үндеу жолдады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Skifnews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Олжас Абай "Таптым-ау сені – 2" фильмінде дәл сондай ер азаматты сомдады. Актер кинода бүгінгі қоғамдағы маңызды мәселені барынша көрсетуге тырысқан. Кинодан кейін ол  балалы бола алмай жүргені үшін әйелін кінәлағыш ер адамдарға ақылын айтты.

"Кинода қолымнан келгенше көрсеттім. "Бала неге тумайсың?" деп сынап жатады. Ол әйелдің қолында емес қой. "Маған ұл бала керек. Төрт қыздан кейін қайта қыз туып жатырсың" деп айтатындарды мүлдем түсінбеймін. Ондай адамдар қалай ойланатынын білмеймін. Ол құдайдың қолында. Адамның миына сыймайтын нәрсе ғой. Сол себепті ер азаматтарға айтарым бар. Қыз туса, да, ұл туса да ол құдайдың бергені. Оған разы болу керек", - деді актер Revue News бағдарламасында.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар